ТӨБЕТ

lat: TÓBET

з а т. 1. Үлкен арлан ит; үлкен қора күзететін ит.

Құладынды сұңқар деп, Жабыны шабан тұлпар деп, Құтқармайтын құмай деп, Төбетке қарғы таққандай (Дулат БабаТайұлы, Замана).

Үйден шыққан адамның қаһарлы үнінен қаймықты ма, әлігі бұзаудай төбет әупілдей түсіп, кейіндеп қалды (М.Сүндетов, Қызыл от).

а у ы с. Көбінесе жексұрын, оңбаған парқын айырмайтын пасық деген мағынада ұнатпаған ер адамдарға айтылатын сөз.

Күйлеме жігітпін деп үнемі ойнас, Салынсаң, салдуарлық қадір қоймас. Ер жігіт таңдап тауып, еппен жүрсін, Төбетке өлекшіннің бәрі бір бәс (Абай, Тол. жин.).

Жексенге: Не деген имансыз едің кәрі төбет?! деп тұрған Құнанбайдың баласын көрді (М.Әуезов, Таңд. шығ.).