ТӨГУ

lat: TÓGÝ

Төк етістігінің қимыл атауы.

1. Сұйықтықты, ұсақ, үгінді затты бір жерден екінші жерге ақтару, аудару, құю.

Оған жерді тегістеу, үйіндіні еңістету, топырақтың құнарлы қабатын жинап алып, рекультивацияланатын жерге тасымалдап төгу, жол, гидротехникалық және мелиорация құрылыстарын салу және т.с.с. жұмыстар жатады (Т.Қалыбеков, Экология).

Қайықшы шелегін алып суын төгу үшін төменге қайық ішіне түсіп кетті (Т.Дәуренбеков, Біз. кездес.).

2. а у ы с. Өлең, жыр, ән, күйді ағытып-ағытып жіберу, бірінен кейін бірін орындау, төпелеу.

Жамбыл тәрізді өлең айтудан, жыр төгуден әлі қалмаған еді (С.Бақбергенов, Бозторғай).