ТӨЛ

lat: TÓL

з а т. Малдың, жануардың жаңа туған құлыны, ботасы, қозысы, лағы.

Берекесі кеткен ел, Суы ашығын батпақ көл. Құс қаңқылдап жағалап, Сулай алмас жазғы төл, Оның суын ішкен мал, Тышқақ тиіп аспас бел (Абай, Тол. жин.).

Мотордың даусын есіте-есіте шаршадым, Жамырап жатқан жас төлдің үнін аңсадым (М.Мақатаев, Шығ.).

сы көшкен ел сәуір жұлдызын бауырда өткізіп, малы ащыға, адамы аққа қанып, төрт түлік малдың төлі әбден аяқтанып, асыр салып, енді жайлауға шықпақ үшін қайта көшті (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).