lat: TÓMEN
үст. 1 . Биікке қарама-қарсы жақ: еңіс, ылди, етек.
Жүгірген төмен құлдырап,
Көрдім де таудың бұлағын.
Көзімнің алды бұлдырап,
Қалқайып екі құлағым,
Қабаржып үнсіз жыладым (1,161).
Аңырақай кең сайдан тау өзені төмен құлап жатыр (4,241).
2 . Аспанға қарама-қарсы жақ: жерге қарай.
Шаңқ-шаңқ етіп долдана,
Шырқау шыңға бір атыл.
Қайта төмен сорғала,
Халің келсе, сұрапыл (1,220).
Сағынып нөсер жаңбырын,
Аулақта қалғып бақ тынды.
Ақ бұлттар мамық жаулығын,
Аспаннан төмен лақтырды (3,173).