ТӨМЕНДЕТУ

lat: TÓMENDETÝ

Төмендет етістігінің қимыл атауы.

1. Деңгейін түсіру.

Жерасты суын қажетті тереңдікке төмендету қажет (М.Ерлепесов, Суармалы егін.).

2. Азайту, кеміту.

Суды қайнатып, оның кермектігін төмендетуге болады (Т.Мұсақұлов, Өсімдік. анат.).

3. а у ы с. Нашарлату, сапасын түсіру.

Өз аяғымен жайылған мал қарны тоқ болса, қондылығын төмендетуге тиісті емес (Ә.Ысқақбаев, Жетекші шопан).

Өнімнің өзіндік құнын шұғыл төмендету арқылы табыс көзі молайтылуда (С.Қалиев, Еңбек ерені).

Ақшаның құнсыздануы халықтың әл-ауқатының дәрежесін төмендетуге әкеп соқтырады (Б.Жүнісов, Нарық. экон. негіз.).

4. Бәсеңдету, әлсірету.

Неон электротекхикада ток кернеуін төмендетуші ретінде және т.б. мақсаттарға қолданылады (А.Мырзабаев, Химия қызығы).

4. Бағасын түсірту, құнын азайту.

Осы тұрғыда тұрғын үй құнын төмендету, ипотекалық несиенің қайтарым мерзімін созу, төлемақы жарнасы мен несие ставкасын төмендету қажеттігін баса көрсетті («Жас Алаш»).

Бұл арада әңгіме оларды жасанды түрде жоғарылату немесе төмендету туралы болып отырған жоқ (Б.Жүнісов, Нарық. экон. негіз.).