lat: TÓS
зат. 1 . Адамның, жан-жануарлардың кеуде мүшесі, көкірегі.
Қалқан төсі далиып, Қанатынан күш алмай;
Шойын топшы ақиық, Шоңқайыпты ұша алмай (1,221).
Бір жанартау жатушы еді төсімде,
Жаңа-жаңа айналған ба өшуге?!
Қызыл күрең алау оттың орнында,
Қылымсыған қыз-сағымдар көшуде (2,67).
2 . Жердің үсті, беті.
Жаз болды.
Көріктенді құлпырып жер,
Оранып көк көрпеге бар өңірлер.
Төсінде жер ананың толықсиды,
Сансыз көп, сары, жасыл өсімдіктер (1,13).
Зерттейміз даласын, орманын,
Табамыз балалар қорғанын.
Көреміз туған жер төсінде,
Ғаламат дүние болғанын (3,288).
3 . ауыс. Әйел омырауы, анары.
Оянды ұйқысынан құмарлана,
Шырылдап емшек іздеп сәби бала.
Емізіп нәрестесін төсіне ала,
Оянды ұйқысынан мейірімді ана (1,30).
Ана төсін аймалайды жас сәби,
Аймалайды бір татым сүт таба алмай.
Кедейліктің батпан зілі басқан үй,
Кейиді кеп дертті, дімкәс адамдай (2,44).