lat: TÓS
зат. геогр. Таудың етек жағы; беткей.
Содан бері күн өтті, айлар өтті,
Айлар өтті, арман боп ойлар өтті.
Алатаудың төсінде сайраңдаған
Ақмаралым адасып қайда кетті? (1,135).
Жазықта, сайда, таудың төсінде де,
Түсте де, кеште, түнде, бесінде де,
Әрі оқу, әрі жұмыс даладағы,
Мазасыз өткен жастық есіңде ме? (2,335).