ТӨСЕНІШ

lat: TÓSENİSH

з а т. 1. Үйдің еденіне төселетін киіз, алаша, кілем, көрпе тәрізді үй жиһаздары.

Білігі, бітімі де бөтен екен, Бар күні мал соңында өтеді екен. Ерін жастық, тоқымын төсеніш етіп, Белін шешпей, қисая кетеді екен (М.Мақатаев, Шығ.).

Екінші бөлме болыс отыратын үй. Болыстың орны кілем, жаюлы биік төсек, еден де төсеніш (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Ұзындығы бес қабат, Көлденеңі төрт қабат, Төсеніштің жоғы жаман (Қобылан Бәрібайұлы).

2. м а л  ш а р. Мал қорасының едені жұмсақ, жылы, жайлы да таза болу үшін төселетін төсем.

3. Жылуды жақсы сақтайтын, су өткізбейтін заттан жасалған ұйықтағанда кіретін қаптың астына салуға арналған жадбық.

4. г и д р о л. Гидpoтexникaлық құpылыcтap мен жoлдapдың жacaнды ipгeтacының тaбaны өтe cығылғыш, тұpaқcыз, cycымaлы тoпыpaқтың үcтiнe тұpғызылaтын жaғддa, құpылыcтың oғaн түcipeтiн қыcымын нығaйтa түcy үшapнaйы жacaлынaтын төceнiштiк құpылыc мaтepидapы.