ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА ХАЛЫҚТЫ ТІРШІЛІК ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

lat: TÓTENSHE JAǴDAILARDA HALYQTY TİRSHİLİK QAJETTİLİKTERİMEN QAMTAMASYZ ETÝ

төтенше жағдайлар күші мен құралдарының уақыты, қоры және жүргізу орны бойынша өзара байланысты іс-шаралардың жиынтығы. Ол төтенше жағдайлар аймағында, көліктерде және төтенше жағдайлар талаптарына байланысты нормалары мен нормативтері бойынша орналастырылған, көшірілген адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті ең қарапайым жағдайларды жасауға және қолдауға бағытталған.