ТӨЗІМ

lat: TÓZİM

зат. Шыдам, сабыр, тағат.

Айбын, ашу, жоқ менде адам қанау,

Менде жоқ жағымпаздық, табан жалау.

Менде төзім.

Сірә да, жүйкем менің

Өгіздің терісінен жаралған-ау (2,366).

Мен өзіңнен безіндім!

Шегі бар ғой төзімнің,

Нәрін ұрлап сезімнің,

Нұрын жойдың көзімнің.

О, тойымсыз сүлігі

Менің жастық кезімнің (3,219).