ТӨЗІМ

lat: TÓZİM

з а т. Шыдам, тағат, сабыр.

Ағасының төзіміне қайран, қан-сөл жоқ, тістерін шықырлатып, безеріп отырды да қойды (Ә.Тарази, Басынан Қаратаудың.).

Патшалық төзімінің жойылуымен бірге помещиктердің мүддесін қорғап келген күш те жоғалды (М.Шоқай, Таңд.).

Арман шіркін ол кәдімгі ұшқан ат, Төзім шіркін үзілмейтін шапағат! Үш этажды үй тәрізді қуаныш, Ғұмырым да болса деймін үш қабат! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).