Материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім ағзаларына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым психикалық үрдіс. Термин 4 түрлі мағынада қолданылады: 1) берілген биологиялық түрге тән алынбаған реакция; 2) белгілі бір түрге тән белгілі тәсілмен жауап қайтара алуға бейімділік. Бұл бейімділік бақыланатын мінез-құлықтың негізі болып табылады; 3) дамудың белгілі бір шартында, әуестену күйінде, стимулды жағдайларда пайда болатын күрделі әрекеттер жинағы. Бұл мағына көбінесе этологияда қолданылады, мыс., белсенділіктің тіркелген паттерндері; 4) алынбаған, тұқым қуалау арқылы берілетін тенденциялар, мінез-құлықтың күрделі модельдерінің мотивациялык күштерінің функцияларын орындайды. Бұл мағына классикалық психоанализде колданылады. Фрейдизм мектебі үшін Түйсік негізгі термин. Фрейд алғашқы еңбектерінде түйсіктін екі класын көрсетті: эготүйсік немесе өзін-өзі сақтау түйсігі және жыныстық немесе репродуктивті түйсік. З.Фрейд кейінгі еңбектерінде бұл терминді Танатос (өлім түйсігі) пен Эросқа (өмір түйсігі) дейін шекгеді. Алайда бұл екі сұлбада да Фрейд түйсіктің мінез-құлықтың мәнді мотивациялық күші екенін, бірақ мінез-құлықтың ерекше көрінуін анықтамағанын айқын көрсетті. Яғни түйсіктің 1), 2), 3) мағыналары ескерілмеді. Ағылшын-американ психологі У.Мак-Дугаллдың (1871-1938) гормикалық психологиясында Түйсік ұғымы 1), 2) және 4) орталық теориялық тұжырымдама ретінде қолданылды. Барлық мінез- құлық мақсатты бағытталған және мотивацияланған Түйсік деп қарастырылды. Алдымызда тұрған бір затты, мыс., үстелді көруіміздің арқасында біз оның түсін, формасын, көлемін белгілейміз; сипай сезіну арқылы оның қатты, тегіс екенін; қолымызбен қозғап көріп оның салмағын т.с.с. білеміз. Мұның бәрі — сол материалдық заттың жеке қасиеттері, олар туралы мәліметтерді бізге Түйсік хабарлайды. Түйсік материалдык дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мен қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге есер етіп, миымызда бейнеленуі. Түйсік біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық үрдіс. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады. Түйсік таным үрдістеріне жатады, өйткені адам соның арқасында дүниені таниды. Түйсік басқа психикалык үрдістерге — қабылдауға, еске, ойлауға, қиялға материал жеткізеді. Түйсіктің табиғи физиологиялық негізі ағзаның арнаулы жүйкелік механизмі — талдағыштар арқылы жүзеге асады. Мыс., көз торына түскен жарық сәулесі қозу туғызады, ал ол жүйке талшығы арқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына келген кезде адамда көру түйсігі пайда болады. Адамда пайда болатын Түйсіктерді үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа біздің денеміздің сыртқы жағында болатын сезім ағзаларының козуынан туатын Түйсіктер (экстроцепторлар — сыртқы қабылдаушы дегенді білдіреді) жатады. Бұл Түйсіктер бізден сырт заттардың қасиеттерін бейнелейді. Бұған көру, есту, иіскеу, дәм, тері және сипай сезу Түйсіктері жатады. Екінші топқа рецепторлары ішкі ағзалардағы сезім органдарының қозуынан туатын Түйсіктер (интероцепторлар) кіреді. Органикалық түйсіктер (ашығу, шөлдеу) дейтіндерді осыған жатқызуға болады. Үшінші топқа қозғалыстар мен дененің кеңістікте орналасуымен байланысты болатын қозғалыс (немесе кинестетикалық) Түйсіктері кіреді. Қозғалыс анализаторларының рецепторлары (проприоцепторлар) бұлшық еттерде және сіңірлерде болады.