ТҮНДІК

lat: TÚNDİK

Киіз үй бөлшектерінің бірі. Түндік төрт бұрышты ақ киізден жасалып, шаңырақ үстіне жабылады.Түндіктің төрт бұрышына баутағылып, сол баулармен үйдің белбеуіне байланып қойылады. Түндікті түнде жабады да, күндіз үйдің іші жарық болу үшін оны ашып қояды, ал жауынды күні түтін шығу үшін бақанмен түндіктің бір жағын көтереді. Түндік көтеру, түндік ашу деген сөз осыған байланысты айтылған.