әдеби кейіпкерге негіз болған ақиқат өмірде бар адам, яғни кейіпкердің бейнесін жасауға негіз, тірек болған адам. Шығармада тарихи шындық суреттелсе де, Т. жазушының қиялымен, әсер-сезімімен, өмірлік тәжірибесімен ұштасып жатады. Өйткені әдеби кейіпкер Т-ге негізделсе де, жазушының идеялық нысанасына, көздеген мақсатына сәйкес түрліше сомдалып, көркем типтендіріліп, өзгеше сипат алады. Мысалы, эпопеяда Т. ретінде суреттелген тарихи кейіпкерлер өте көп. Абайдың бейнесін алсақ, ол іріленіп, көркем суреттеліп, ірі типтік бейнеге айналған. Бұдан басқа Құнанбай, Біржан сал, Оразбай, Әзімбай, Бөжей, Әйгерім, Дәкежан, Салтанат т.б. осындай кейіпкерлерге жатады. Ал Түбек-Шүмектің, Сабырбай—Қадырбайдың, Жанақ-Садақтың Т-лері.