ТҮРЛІ

lat: TÚRLİ

сын. Әр алуан, әрқилы.

Қызық өмір, кім білсін, сонысымен,

Аласы мен құласы, торысымен.

Тағдыр түрлі болғанмен, өмір біреу,

Ұнатамын өмірді сол үшін мен (3,86).

Алпыс жинаққа алпыс түрлі пікір айту бір адамның қолынан келмейтін шаруа (4,281).