lat: TÚRLİ
сын. Әр алуан, әрқилы.
Иіс шашып, жайнап тұрар түрлі гүл,
Гүл тербетіп, кешкі жылы жібек жел.
Күнәсі көп жаны үшін ағаңның
Сол уақытта, қарашығым, дұға қыл!.. (М.Жұмабаев, Шығ.).
Алда, болашақ өз істеріне һәм басқа адамдар ісіне құлық көзінен баға бере алуы үшін оның құлық туралы ерте күннен ой жүргізіп үйренуі тиіс қой. Сондықтан тәрбиеші балаға түрлі істерді құлық көзінен салыстырып, сынатып үйретуге міндетті (М.Жұмабаев, Шығ.).
«Шахнама» да ерте кезде-ақ түрлі елдерге таныс болған (Р.Бердібаев, Гүлстан.).
Ағаш кессек арнаулы
Балта менен ара бар,
Түрлі сайман ағаштан
Балта арқылы таралар (Дулат Бабатайұлы, Замана.).