Адамның ойлау әрекетінде шындықтағы заттар мен құбылыстардың негізгі қасиеттеріне, ерекше белгілеріне, мәніне түсіне білудің маңызы зор. Түсіну арқылы ғана біз айналамыздағы заттардың себеп-салдарды байланыстарын, бірбіріне тәуелділігінің шығу тегі мен даму жолын ажыратамыз. Түсінудің басы шындықтағы заттар мен құбылыстарға танысудан, көріп, білуден басталады. Өйткені қандай нәрсені болмасын «ұғыну үшін, ұғынуды, зерттеуді эмпириялық жолмен бастау» қажет.