lat: TÚSKİ
сын. Түс мезгіліндегі, түс кезіндегі.
Орнатпайын басыма заманақыр,
Жетер енді, түс ауып бара жатыр.
Түтіндетіп түскі асын әзірлеген,
Әйбат жеңгем қол бұлғап далада тұр (2,187).
Есіңде ме көке-әкей бастығымыз?
Түскі дамыл, көк айран, ашты қымыз.
Сырдың суын сирақтан келтірмейтін,
Шіркін біздің, о, қайран жастығымыз! (2,338).