lat: TÝǴAN
зат. Ағайын, туыс, туысқан.
«Көрінбейсің газет пен журналдардан»
Деген мен сөз естимін туғандардан.
Жарқындарым! Жанымды қайдан білсін!
Жақсы жырдың жолында құрбан болған (2,227).
Жетемін ертең ауылға,
Ағайын, туған , бауырға.
Туған жер болар құстөсек,
Аспаның – көрпе, жамыл да.
Дамылда, жаным, дамылда,
Бақытты сол бір шағыңда (3,239).