lat: TÝǴAN
з а т. Туысқан, туыс, ағайын, жекжат.
Ойладым туғанды, Бір өзіңе бас ұрдым. Жалғыз сенен айырылып, Артыңа қарай аһ ұрдым (Абай, Тол. жин.).
Не қылсам да түспеді уысыма қуғаным, Жібермеді, күштеді, Жақын бауыр – туғаным (М.Жұмабаев, Шығ.).
Көрісу жырлары сүйіктісімен, туғандарымен, достарымен, қадірлі адамымен кездескенде, туған жерге оралғанда, аталастарымен қауышқанда және т.б. жағдайларда айтылады (Х.Досмұхамедұлы, Таңд.).
Бірге туған, туыс болып келетін.
Шырағым қанша десе де Көңілі күлмес ашылып. Өкси беред Мұсабек, Туған апа Күністің Иығына асылып (Қ.Жапсарбаев, Сөйле.).
Кең дала тартушы еді кеңдігімен, Туған жұрт сүйіндірді елдігімен (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).
Мен ешқашан және ешкімге де, тіпті туған ағама да осындай сезіммен елжірей берілген емеспін (М.Шаханов, Ғасырлар.).
«Біз» дейтұғын бір елді таба алмайсың, Бұл қайтіп әділетпен теңдеседі? Ойласаң, барша адамзат – туған бауыр, Бірін-бірі шұқылап қылды жауыр (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Етене, туып өскен, орналасуы бойынша жақын.
Аспан мен жердің арасын Келеді шарлап құс аппақ. Өзінің туған даласын Жас жігіт отыр құшақтап (C.Жиенбаев, Алтын қалам).
Көзімді жұмып, төсегіме жатып ап, Ойлансам бір, туған ауыл, атырап Алдыма кеп, тұра-тұра қалады (Т.Молдағалиев, Шақырады.).
Сүйдім мен сені туған мекенім деп, «Соры бар» сор топырақ шекерім боп, Жаныңда жүріппін де, біліппін бе Қойныңда бай қазына екенін көп?! (Т.Айбергенов, Мен саған.).
Туған ұяға сол жолғы сапарда, тау басындағы тасқа қашалған қадым сурет түбінде жаңа бір әлем ашқан кенже балам (М.Мағауин, Мен).