lat: TÝMA
з а т. с ө й л. 1. Туыстығы жақын, аталас адам, туыс.
Әлгінде жиналыста біраз жесірлер, олардың тумалары, жақындары отырды (М.Қуанышбаев, Жалғыз жиде).
Оқудан келген жас жігітті әуелі ағайын, тумаларына апарады (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер.).
2. Сол өлкенің, мекеннің адамы.
Бұл сұрақты мұнан бұрын осы өңірдің талай тумасына қойғанбыз (Қ.Боранбаев, Дала.).
«Қазақ батыры Мәжит Жүнісов кім?» деген мәселеге келсек, ол – Орал облысы, Жаңақала ауданының тумасы. Днепр өзенінен өткенде көрсеткен ерлігі үшін 1943 жылы желтоқсанда Кеңес Одағының Батыры атағын алған («Жас Алаш»).
3. ж е р г. Нәресте, сәби.
Әкемнің тумасы болғандықтан еркінсіп кетсем керек (Т.Қажыбаев, Айналайын атыңнан).