ТУМА

lat: TÝMA

с ы н. Тумысынан бар, жаратылысынан қалыптасқан, туғаннан.

Сап алтындай жарқылдаған тума таланттың өзіне біреу ықпал етпесе, жарып шықпайды (Қ.Боқаев, Өнерпаз.).

Планетамыздың табиғи тума қасиеті бейбітшілік болса керек (Ә.Шәріпов, Алыс жаға.).

Мінез адамның жаратылысына қарай тума болады һәм басқа сыртқы себептермен тұрмыс түрі, жаратылыс, жолдас, тәрбие сықылды жүре пайда болады (М.Жұмабаев, Шығ.).