ТУРА

lat: TÝRA

үст. 1. Тіке, түзу, бұрылмастан.

Тура қара көзіме, тура қара,

Ашық айтқан сөзімді бұрмалама.

Ақиқаттың алдында бүгежектеп,

Тағасыз байталдайын сырғанама (1,136).

Ол анау тұрған қырқаның астында қыстауы бар екендігін, қойдың шұбырындысына түсіп тура жүрсек, үйге апаратындығын айтып, кідірмей қайтып кетті (4,118).

2. Дәл, нақ.

Оларды қарсы ап, ұстазымның күлімдеді көздері,

Ақындардың ақындары жақындады өздері,

Сәлемдесіп жыр желкені тура мені көздеді (5,23).

Қарап тұрған дәл сендей тура маған дөп келіп,

қарап тұрдым, үш ұлым кезек-кезек кетті өліп:

Бес, алтыншы күндерді араларында өткеріп (5,157).