ТУРА

lat: TÝRA

с ы н. 1. Ешбір ауытқусыз, түзу, бұрылмастан, тіке.

Ол бізді жолсызбен бірекі шақырымдай жерге шығарып салып, тура жолдың үстінен бірақ түсірді (С.Мәуленов, Шыңда.).

Сендерге өтірік, маған шын, бір аю тура маған қарай келе жатыр (М.Құмарбеков, Асау Ертіс).

Жарлы менен жақыбай намысты ойлап, Артып берді екі тең қамыс байлап. Тілсіз жауға тірексіз тура тартса, Жылым жұтып, жігіттің бағы ұшпай ма? (М.Мақатаев, Шығ.).

2. Дәл, нақ.

Тіршілік түгесілмепті. Тура бес жылдан соң, үзіліп қалған іске қайта кірістім (М.Мағауин, Мен).

Ертеңі не Жәнібек пен Мәди сағат тура тоғыз жарымда аэродромға жетті (Қ. Жұмаділов, Көкейкесті).

Осы балалар үйінің құрылғанына биыл, міне, тура қырық жыл болыпты (Б. Тоқтаров, Қыран.).

а у ы с. Қара қылды қақ жарған әділ, дұрыс, ақ.

Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ (Қаз. мақал.).

Біз тура, ақ жолдан бұрыламыз, сіздердің тілегіңізді қылсақ деп кадет Сібір депутаттары бізге жауап қайырды (Ә.Бөкейханов, Шығ.).