ТУРА

lat: TÝRA

е т. 1. Етті, нанды т.б. жеуге ыңғайлап, уақ бөлшектерге бөлу, пышақпен кесу.

Ол орнынан тұрып, нан турап қолғабыс етті (Ұ.Доспанбетов, Сырғалы.).

Келіншек нанды турап, біздің алдымызға ысырып жатыр (Н.Серәлиев, Ыстық күлше.).

2. а у ы с. Кескілеу, сою.

Тап мезетінде келіпті, аз кешіккенде бандылар турап тастайтын еді (Б.Нұржекеев, Күй толғақ).

Қызыл қан қырғын болып ақты судай. Демдері өлгендердің болды будай. Қалжырап кейбіреудің қары талды. Кескілеп кез келгенді турай-турай (Т.Ізтілеуов, Рүстем.).

Сол қылышпен ол тұтқынға түскен көптеген қызыл әскерлердің басын шапты, денесін турап-турап тастады (Ә.Меңдібаев, От кешу).