lat: TÝRALY
ш ы л. Жайында, хақында.
Егер бұдан былай маған келіншегің туралы айтатын болсаң, сол күннен бастап арамыз ашылады (Р.Тоқтаров, Тұлпардың сыны).
Қыз туралы қазақтың жолы бір бөлек болса, Далабайдың жолы бір бөлек (М.Дүйсенов, Меймандар).
Жұмабек әңгіме Гүлбаршын туралы болатынын сезгенмен, дәл осынша көп айып тағылады деп ойлаған жоқ еді (Б.Тілегенов, Уақыт).