ТУРАЛЫ

lat: TÝRALY /82/

шыл. Жайында, жөнінде.

Мінеки, шыға келдік шың басына,

Ал енді шақшаңды бер құрдасыңа.

Атамекен туралы сыр шертейін,

Құлағың түр, құрдасым, сырласыңа (1,270).

Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы (3,212).