ТУРБИНА

lat: TÝRBINA

[франц. turbine] з а т. Бу мен газ дың, судың энергиясын механикалық энергияға үздіксіз түрлендіріп отыратын қозғалтқыш.

Темір өзектермен құлаған су төменде, станция үйінің астына орнаған турбиналарды шыр айналдырады, электр қуатын өндіреді (Қ.Қамбаров, Ертісте).

Алып турбиналарды зыр айналдырып, сыртқа бұрқана шыққан су осы шұңқырға кеп демігін басып жатқандай (С.Ақтаев, Қапшағай.).