ТУРИЗМ

lat: TÝRIZM

[франц. tourіsme] зат. Тынығу және қызғылықты жаңа аймақтарымен, объектілерімен танысу мaқcaтын көздеген кез келген (бір күндік, көп күндік, шалғай не жақын жерлерге) саяхат.

Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызады. Бүған қоса, ішкі туризм (туған елінің шекарасынан аспайтын) және халықаралық туризм (ол шекарадан асатын) деп те сараланады (Қаз. тілі термин. Экология).

Педагогикалық практика алдында студенттер «Мектеп туризміне педагогикалық басшылық» курсын өтті («Қаз. мект.»).