ТУЫЛ

lat: TÝYL /24/

ет. 1 . Дүниеге келу, жаралу.

Не десең, о де!

Бұрылман енді бұрылман.

Адассам мейлі, анадан бір-ақ туылғам!

Қолыңнан келсе, қола мүсінді ап таста

Жасалмаған да, қашалмаған да тұғырдан! (2,92).

Мен бақыттымын,

Бақытты жерде туылдым.

Айналайын Қарасаз,

Қасиетінен суыңның! (1,201).

2 . Пайда болу, жаратылу.

Жеті қат жерің мына төңкерілген,

Жеті қат аспанменен көмкерілген.

Адамзат оның бәрін ерте білген,

Ертегідей табысқан ертеңімен.

Ғаламаттар туылған ертегіден (3,137).

Мұндай дүниелер, сөз жоқ, томаға-тұйық, толғақсыз туылмаған (4,254).