[нем. Talk] з а т. х и м. Силикаттар класына жататын минерал. Канада, АҚШ, Францияда т а л ь к т і ң ірі кендері бар. Т а л ь к өнеркәсіптің бояу, қағаз, резина, парфюмерия, керамикалық бұйымдар жасау салалары мен медицинада кеңінен қолданылады (ҚҰЭ). Т а л ь к өндіріс пен ауылшаруашылығында өсімдік зиян- кестеріне қарсы (ұлы дәрілер даярлауда) қолданылады (Қаз. тілі термин. Химия). Т а л ь к ультранегізді, кремнийлі доломититтердің өзгеруінен пайда болады (Қаз. тілі термин. Геология.).