Төңкере салды [төңкеріп тастады ]

lat: Tóńkere saldy [tóńkerip tastady ]

Тоқтаусыз тез, асығыс ішіп жіберді, сімірді.

Екі кесе қымызды жеделдеп төңкеріп салып, бой жазған болып сыртқа шықтым (Б.Соқпақбав, Өлгендер.).

Өкіл қолының қалтырағанын сездірмейін дегендей, стаканды аузына еппен апарды да, төңкере салды (С.Шаймерденов, Мінез).

Ол үндемей келіп бір кесе айранды төңкеріп тастады да,ізінше күш-қуат пайда болғандай, шалқаңдай басып шыға жөнелді (А.Шамкенов, Толқын.).