Төрт жолақты қарашұбар жылан

lat: Tórt jolaqty qarashubar jylan

з о о л. <лат. elaphe quatuorlіneata> Қабыршақтылар отрядының сарыбас жылан тұқымдасына жататын жыланның түрі.

Дүниежүзінде Сицилия аралы мен Апеннин түбегінен бастап, Украинаның оңтүстік бөлігі мен Кавказ арқылы Қазақстанға дейін таралған. Төрт жолақты қарашұбар жылан Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (ҚҰЭ).