Төрт түлік

lat: Tórt túlik

Түйе, жылқы, сиыр, қой-ешкі малдарының жиынтық аты.

Төрт түліктен төгілген шалқар әнді,

Ұзатқан-ды, жайлау да тарқаған-ды

Ескі жұртты тіміскіп қорқау әлгі

Қажалап та жүрген-ді қаңқаларды (2,19).

Атырапта төрт түлік араласқан,

Күн бұзылды.

Түнеріп барады аспан.

Аңыздың аңдыз-аңдыз қаңбақтарын,

Өкпек жел домалатып ала қашқан (3,188).