lat: Tórt túlik
э т н. Түйе, жылқы, қой, сиыр сияқты үй малдарының жиынтық аты [Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды Ойсылқара, Қамбар ата, Жылқышы ата, Шопан ата, Зеңгі баба деп атаған].
Қазақстанның барлық, аудандарында үй жануарларының төрт түлігі (жылқы, ірі қара, қой, түйе) түгел өсіріледі (X.Арғынбаев, Қаз. этногр.).
Етікші өлсе, балға мен бізі қалар. Бір бай өлсе, төрт түлік малы қалар, Жүйрік өлсе, артында сөзі калар! (М.Жұмабаев, Шығ.).
Көк майса бетегелі жерің қайда? Күмістей толқындаған көлің қайда? Ың-жың боп жер қайысқан төрт түлікпен Жөңкіліп, көшіп қонған елің қайда? (М.Дулатов, Шығ.).