Төрт түлік

lat: Tórt túlik

Түйе, жылқы, қой, сиыр малын қосып төрт түлік деп атайды. Түйе мен жылқы, қой, сиыр, Төрт түлік малды құрадың (Ауыз әдебиеті).

Байбөрі деген бар екен,

Байбөрі малға бай екен,

Төрт түлігі сай екен,

Бір перзентке зар екен («Алпамыс батыр»).