Түйетабан

lat: Túıetaban

з а т. ө с. 1. Таулы аймақтың өзен жағалары сазды жерлерде өсетін, түйенің табанына ұқсас тарбиып жататын тікенді жеуге жарамды өсімдік.

Мұнан әрі қанша биемшек, қанша түйетабан тергенін бірауық дабырласа әңгімелеп алады да, кілемше құлпырған қызғалдақты адырларды тізеден кешіп жүгіреді-ай дейсің (А.Сейдімбеков, Серпер).

Қылтитып басы, қолын қалдырып, денесін түгел құммен жасырды да, бетін түйетабан жапырағымен көлеңкеледі (С.Ерубаев, Жарық дүние).

2.ат. zygophyllum> Түйетабандар тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктер.

Түйетабанның Қазақстанның барлық өңіріндегі сор, сортаң топырақты далалы жерлерде, тастақты шоқы баурайында өсетін 30 түрі бар, оның 19-ы эндемиктер (ҚҰЭ).