lat: Túıirtpek
з а т. 1. Түйінделіп қалған, буылтық зат.
Екінші рет жұмсалған өрме қамшының түйіртпек ұшы бастан сарт ете түсті (Б.Соқпақбаев, Қайда. Гауһар).
Оның астын жұмсағырақ етуге тырысып,түйіртпек бірдеңе болса, қолымен жазып сипап отыратын (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең).
2. Бас киім төбесіне қадалған тұйықша бау.
3. а у ы с. Жайсыз хабар, дөрекі сөз.
Кенжетай түйіртпегі бар бір сөзді айтқысы келмесе де жасыра алмады (Ғ.Мүсірепов, Ұлпан).
Көптен бері, көкіректі түйнеп жүрген бір түйіртпек тарады (Ж.Мусин, Үміт).