Түйісу әлеуеті

lat: Túıisý áleýeti

Бет зарядтары, соған сәйкес бет потенциалдары әртүрлі минералдар түйіршіктері түйіскенде (соқтығысқанда) өзара зарядтарын теңестіру нәтижесінде пайда болатын потенциал.

Түйісу әлеуеті құбылысы кенді флотациялау әдісімен байытқанда минералдардың бет қасиеттерін жақындастырып, олардың бөлінуін қиындатады (Қаз. тілі термин. Кен.).