(Физиологиялық) - субъект тұрғысынан объективтік дүниедегі кәрилердің «қызыл», «жылы» , «жасыл», «суық» және т.б. осы типтес өз сапасы ретінде байқалатын (біріншілік және екіншілік сапалар) адам мен жануарлардың сезім органдарына (анализаторға) олардың тікелей әсер етуі нәтижесінде пайда болатын қарапайым псих. құбылыс. Сыртқы ортаның алуан түрлі факторлары (жарық және дыбыс толқындары, химиялық заттардың молекулалары және т.б.) анлизаторлардың шеткі иерифеориялық бөлігіне –рецепторға әсер етіп, бұл әсерлер сонда кодталып одан әрі дискретті электрохим, импульстер түрінде жүйке жолдары арқылы, анализатордың орталық бөлігіне ми қабығына беріледі, сонда түйсік пайда болады. Адамда ең дамығаны көру анализаторы және оған бара-бар түйсік жүйесі. Одан кейін түйсіну, есту, дәм сезу және т.б Т. тұр. Түйсік әрбір тобының үздіксіз бір-біріне ауысып отыратын сапалар тобын салыстыруға болады: түс дыбысқа дәмге немесе иіске ұқсамайды. түйсік сондай-ақ интенсивті қасиетке ие. Таным процесінде түйсік мынайдай функцияларды орындайды. 1)қабылдаудың негізі ретінде сыртқы заттардың құрылымын көрсету мүмкіндігін береді; 2) сапасы мен заттың қасиеті арасындағы өзара байланыс алдын- ала белгілі болған жағдайда сыртқы заттардың объективті ерекшеліктерінің нышандары ретінде көрінеді. Мысалы, балқыған металдың түсіне қарап, оның иемпература туралы пайымдауға болады, идикатордың түсіне қарай , хим, еріндінің сипатын анықтауға болады және т.б; балқыған металдың түсіне қарап, оның иемпература туралы пайымдауға болады, идикатордың түсіне қарай , химиялық еріндінің сипатын анықтауға болады және т.б; 3) қарапайым түсініктер қалыптастырудың негізі болып табылады.