Түйсік

lat: Túısik

з а т. 1. Сананың, ақыл-ойдың тітіркенуі арқылы болатын сезіну қабілеті.

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды (Қ.Жарықбаев, Психология).

Суға түйіле жаздадым. Табиғи түйсіктен бе, әлде су бетінде көнбей сұлаған көлеңкеден бе оқыстан шошып еңсемді жаздым (Д.Досжанов, Келіншектау.).

2. п с и х. Адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі.

Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы (ҚҰЭ).

3. а у ы с. Ақыл-ой, сезім, зейін.

Шоңның ауыр қабағы қозғалмады. Ол көзін ашып, жан-жанарын салмады. Дүниені түйсігімен көріп отырғандай (Қ.Исабаев, Серт).

Тегін нәрсе болмау керек тек деген. Тек туралы түйсігім бар ептеген. Терек болса менің арғы, арғы атам, Түбінде мен қайың болып көктемен (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).