Түн

lat: Tún

з а т. Тәуліктің кешкі уақыттан таңертеңгілікке дейінгі аралығы, қараңғы бөлігі.

Түн сықылды тым түнеріп, Көзді тартып байлама. Күндізі бол, байқасын жұрт Келгені мен кеткенің (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Болғанда уағдалы үшінші күн, Қыз келді күндегідей бұған соң түн. Отырды түк көрмеген кісідей боп, Бұл қыздан тауып алып балталық мін (Ә.Найманбаев, Шығ.).