Түндік

lat: Túndik

з а т. э т н. Киіз үйдің шаңырағын жауып тұратын, жаңбыр өткізбейтін, күн түсірмейтін төрт бұрышты шағын киіз.

Баламды бесігіне бөлеп, шамды сөндіріп, түндікті жауып, сырттағы отымды шық-шылам тиіп, су болмасын деп тоқым-соқыммен қымтап, көрпеге кірген соң, енемнің ұйықтағанын естіп барып, дымымды шығармай, сығылып кеп жылайын (Ә.Кекілбаев, Құс қанаты).

Есіктері түрілген, Түндіктері жабулы, Қатар-қатар тігілген, Қарашы үйлер кәдімгі (С.Жиенбаев, Алтын қалам).

Түндік жабық, от жарық, үйге сәуле кірмейді (М.Жұмабаев, Шығ.).