lat: Túne
е т. 1. Түнге қарай қону (түнеп шығу.).
Ақан Ерейменде Құлагердің басында түнеп отырғанда, таң алдында салқыншалау жел шығады. Ақан тоңазығандай болады, шерлі Ақан күңіреніп отыра береді (М.Жұмабаев, Шығ.).
Лашынның далада түнеп жүргенін аңғарған соң, бір күні іңірде әдейі кеп, үйіне ертіп әкетті (М.Мағауин, Ақша қар).
Ақтөбеден шыққан соң Төкейге келіп түнедік. Қонақ етіп сыйлады, Жетірудың бірі едік (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
2. а у ы с. э т н. Әулие-әнбиелер басына қасиетті киелі жерге түнеп тілек тілесе, Алладан медет болады, тілеуі бірден қабыл болады деген наным бойынша сиыну, табыну, құлшылық ету.
Әулие көмек берер деп, Басына халық түнепті (Д.Қанатбаев, Мың сүрлеу.).
О, қазағым! Бір сүйін, Шалқысын сәтті жыр-сыйым, Күмбір қақсын мерекеңде басқа күй. Арыстан бабқа түнейін, Мағжанша шалқып, түлейін, Аунап түссін Қожа Ахмет Йасауи (К.Салықов, Жезкиік).