Түп

lat: Túp

Түңіліс етістігінің қимыл атауы.

 ТҮП зат.

1. Cу қоймаларының астындағы жер қабаты.

 Мұхит пен теңіз түбінде адам көрмеген әртүрлі балықтар мен жануарлар өмір сүреді екен (Қ.Қайымов, Қызықты зоол.).

Бақа, бақа, бақасың. Су түбінде жатасың. Су түбінде жатпасаң Құрда арам қатасың (Ө.Тұрманжанов, Бозша.).

2. Бір нәрсенің төменгі, ішкі қабаты.

Үйдегі абдыраның түбінде әкемнің суреті бар (Ш.Құмарова, Қос шынар).

Маймай ұзын қолғабын ол Жататын сандық түбінде, Көргенде үнсіз тұрады Томсара қарап бүгін де (К.Ұябаев, Өтеді жыл.).

3. а у ы с. Түкпір, шет.

Сәрсен мен Шынтас түп жақтағы кішілеу бөлмеге кірді (Т.Ахтанов, Дала сыры).

Бригадир арғы түптен айқай салды (С.Ерубаев, Менің құрдас.).

4. Ағаштың, шөптің т.б. өсімдіктердің жерге кіріп тұрған бөлімі.

Сарыарқаның белінде, Ырғыздың құба дөңінде, Жусанның түбін кемірген, Бұйырғын жеп семірген, «Жүйрікпін» деп елірген, Құлағын тігіп елірген, «Жан жетпес» деп шелірген, «Кер құлан» деген аң болар. Аунаған жері шаң болар (Базар жырау, Шығ.).

Бақша егетін жер сайлап, Томардың түбін қопардым (О.Шипин, Туған жер.).

5. Өсіп тұрған өсімдіктің, бұтаның әрбір данасы, шоғыры.

Міне, мына бір жерді қазып тастапты, содан соң түп тікенді айналып өтіпті де, тауға қарай беттепті (М.Мағауин, Ақша қар).

Қарашы, апа, бүгінгі әсем түн қандай, Аспан бізге жұпар шашып тұрғандай. Бақшада да өзгерістер бар жаңа. Пісіп қапты мына бір түп алма да, Деді қызы, қос бұрымын сипалап, «Солай ма», деп ойға шомып қалды ана (М.Шаханов, Ғасырлар.).

6. а у ы с. Бір нәрсенің жаны, қасы.

Дәулеткелді мен Қоскелді аттарды дайындатып, кешегі ақ қайыңның түбінде тосып тұрамыз деп шешті (М.Әуезов, Қараш.).

Жақындап келед ол күн де, Жеңіс тойы тойланар, Сталинград түбінде, Өзіне жау ор қазар (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

7. а у ы с. Шыққан тегі, негізі.

Үріп салған қу қарын, Дарияға батпайды. Түбі туыс байтақ ел Бірін-бірі сатпайдыазар жырау, Шығ.).

Туысы бірге кетпейді, Түбі біргетүтпейді (Қаз. мақал.).

Түгел сөзінің түбі бір, түп атасы Майқы би деген мақал болған (Абай, Тол. жин.).

Арамдық, аразды түбімен жойыңдар Өтірік, өсекті бір жола қойыңдар (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

8. а у ы с. Ақыры, тоқтар жері.

Түбі өзінің мешітінетиетін ел болған соң, қазір бірден салық жағынан да қан қақсатып отырған жоқ (І.Есенберлин. Қаһар).

Тамшыдан теңіз молайып, Тарыдай тастан зорайып, Бірігіп үлкен тау болмақ Аз сөзден шатақ молайып, Барабара зорайып, Ұлғайып түбі дау болмақ (Қабан жырау, Алтын қазық).