Түпкі

lat: Túpki

с ы н. 1. Түкпірдегі, шеткі.

Хан қызының жататын бөлмесі жеті бөлмелі сарайдың ең түпкісі екен (Бозінген).

Түпкі бөлмеден жаңағы әйел қайта көрінді, қысылып тұрғаны байқалады (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті).

2. а у ы с. Негізгі, бастапқы.

Тұрмыстың түпкі түйіні осы Ер Сұңқар! Жауларыңмен қарсыласып қансырадың (М.Жұмабаев, Шығ.).

Түпкі ойыны тынығу болса да, ермек ете жүрмекке бірекі таза холст пен бітпей жатқан автопортретін ала келді (Т.Ахтанов, Махабб.).