Түптеу коленкор матасы

lat: Túpteý kolenkor matasy

боялған немесе боялмаған, мысалы: 90 м-дей болатын мақтақағаз (х.б) матасы. Бұл матага крахмал желімінен тұратын грунт, каолин (ақ балшық), баяу түсін беретін пигмент жағылады: бір қабаты ішкі жағына, қалған екі қабаты материалдың үстіңгі жағына жағылады. Ал түптеу материалына өңдеу барысында үстіңгі бетіне рельфті суретті өрнектейді. КМК маркалы (түптеу қабына арналған «модерн» колонкоры), колонкорды үстіңгі бетінде матаның табиғи фактурасы сақталған, өрнектеусіз, латекс негізді және нитроцеллюлозды лак жағылған екі түсті қабат жағылған. Осы қабаттардың көмегімен бояумен басылған және пре-степ өрнектелген безендірулер әсем көрінеді. Сонымен қатар материалдың ылғалға төзімділігі, сынуға, тозуға төзімділіктері жоғары болады.