түптеу қаптарын дайындау үшін қолданылады. Түптеу қатырма қағаздарын дайындауда, қағаздарды дайындауда қолданылатын шикізаттармен салыстырғанда арзандау шикізаттарды қолдану. Мысалы, макулатура, ағаштың қоңыр және сабанның (солома) массасы немесе қағаз өндірісінің қалдықтары қолданылады. Қатырма қағазды дайындаудың бастапқы кезеңінде бірінші қолданылатын шикізатты қағаз өндірісіндегідей дайындайды. Талшықты массаны суда майдалап әрі қарай сүзгіден өткізіп бірнеше рет тазалайды. Сондай-ақ химикаттармен өңделіп те тазартылады (рафинирование). Дайын болған масса қатырма қағаз жасайтын машинаға түседі. Түптеу қатырма қағаздарын дайындайтын машиналардың жұмыс істеу принципі қағаз жасайтын машиналардың жұмыс принципіне ұқсайды. Бірақ бұлардың басты ерекшелігі - қалыңдау қағаздарды алуға мүмкіндік беретін арнайы техникалық құралдармен жабдықталғандығы. Бір машинада бірнеше қабат материалдар шығады да олардың үстіңгі беттері жел імденеді. Келесі машиналардағы кезекпен орналасқан секциялар- да қағаз массаларынан бір-бірінің үстіне өсіру арқылы қажетті қалыңдықтағы қатырма қағаздар шығарылады.