lat: Túrikmender
з а т. Түрікменстан Республикасының байырғы халқы.
Түрікмендердің қалыптасу тарихы 15 ғасырға дейін созылып, қатар өмір сүрген теке, иомуд, гоклен, сарық, салар, эрсары, човдур, нохурли, емрели, алили, қарадашлы, ата деген этникалық топтар мен тайпалар бертін келе бірыңғай түркімен халқы болып бірікті (ҚҰЭ).
Мыңғырған мал мен мақтаға толған өр төсі, Кербабаевтың керіліп жатқан өлкесі. Бүгінгі палуан қолымен батыр түрікменнің Сырылып шетке барады құмдар өркеші (Т.Айбергенов, Мен саған.).