Түсіндірме

lat: Túsindirme

з а т. 1. Бір нәрсенің мән-мағынасын ашатын сипаттама.

«Аристотель еңбектеріне түсіндірме» деген Әбунасыр Фарабидің кітабы бар екен (Д.Досжанов, Құм жұтқан.).

Сұрау мен жауапқа үлкен мағына берген сықылды, сөзге, әңгімеге, түсіндірмеге, дәлелге де үлкен маңыз беру тиіс (Ж.Аймауытов, Шығ.).

2. Болған істі жазбаша түрде баяндайтын түсініктеме.

Енді толық түсіндірме жазыңыз (Е.Оразақов, Қайта соқ.).